Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Бопсалаушылардан қашамын деп бесінші қабаттан секіріп кеткен

Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды.

Олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған.

Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көптеген жарақат алды.

Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Polisia.kz

0
0
202

Осы тақырып бойынша