Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Былтыр 6,5 жылға сотталған қазақ актері жақында бостандыққа шыға ма?

Белгілі актер Асқар Жұмабектің әлеуметтік желідегі парақшасында "Қараңғы бөлмеге түскен күн сәулесі үміт бергендей" деп жазылды.

undefined

Желі қолданушылары бұл жазбаны жақсылыққа балап, актер жақында түрмеден босатылуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Оған пікір білдірушілердің барлығы Асқар Жұмабекке осындай тілектерін жазған.

undefined

undefined

undefined

Актер мен тағы 6 жігіттің сотталуына 2022 жылы 28 желтоқсанда Алматыдағы Little Brazil мейрамханасында болған оқиға себеп еді. Онда бір топ жігіт төбелесіп қалған.

Abai.kz-ның жазуынша, төбелескендердің арасында олигарх Бахаридин Аблазимовтың ұлы Нұрмұхамет Нұғман, Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлы Жармұхамед Аппаз болған.

Мейрамханада Жармұхамед Аппаз бен диджейдің арасында жанжал шығып, Ыдырысовтың ұлы досы Альберт Крушельницкиймен бірге диджейді дәлізге алып шығып ұрып тастайды. Төбелеске мекеме күзетшілері мен басқа қонақтар және «Шыңғыс Секьюрити» күзет компаниясының қызметкерлері араласады. Аяғы жаппай төбелеске айналады. Күші басым мейрамхана қызметкерлері олигархтардың балаларын сабап тастаған. Олар қашуға тырысса да, сотталушылар көшеде қуып жетіп, төбелесті жалғастырған.
«Салдарынан бес жәбірленушінің екеуіне ауыр, және орташа деңгейде денсаулығына зиян келген», - деп хабарлады сот.

Бұл оқиға бойынша 7 адам ұсталды. Сот олардың барлығын кінәлі деп тауып, айыпталушыларды 6 және 6 жарым жылдан бас бостандығынан айырды.

Сотталғандардың қатарында бірнеше фильмдер мен сериалдарда ойнаған танымал актер Асқар Жұмабек бар. Келесі күні оның өзінің кінәсіз екенін, қосақ арасында кеткенін айтып, президентке жолдаған видеоүндеуі әлеуметтік желіде жарияланды.

«Мен мына видеоны өзімді қорғау мақсатында, сізден көмек сұрау мақсатында түсіріп қойып жатырмын. Әділдікті қалаймын. Ол жерде менің ешқандай кінәм жоқ. Мен ажыраттым. Ешкіммен төбелескен жоқпын, құрметті Президент. Егер де ертең бізді бас бостандығымыздан айыратындай жағдай болып жатса, осы видео бүкіл Instagram желісінде тараса екен деймін. Ол жерде ауқатты кісілердің ұлдары болған. Сол себепті кімге барып көмек сұрасаң да, басын алып қашады. Себебі қорқады. Мына видеоны өзім түсіріп отырмын. Өйткені басқа мүмкіндік қалмады, құрметті Президент. Барынша көмек беруіңізді өтініп сұраймын СІзден», - деген еді актер видеоүндеуінде.

Жалпы, сотталушылардың барлығы кінәсін мойындаған жоқ. Жәбірленушілер де кешірім бермеді.

Айта кетейік, Асқар Жұмабек 2022 жылдың көктемінде де караокеде біреуді соққыға жыққаны үшін істі болған екен.

0
0
1361

Осы тақырып бойынша