Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

БЖЗҚ еліміздегі ең бай зейнеткердің айына қанша алатынын айтты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) азаматтардың мамыр айына дейінгі зейнетақы жинағы туралы ақпаратты жария етті. Онда ең жоғары айлық төлем туралы да айтылған.

undefined

Көрнекі фото: careerist.ru

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында шамамен 19 трлн теңге жинақталған. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,3 трлн аса теңгеге (немесе 21,1%) өсті. Жыл басынан бері 4 айдың ішінде олардың өсімі шамамен 1,12 трлн теңге (6,2%) болды.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2024 жылғы 1 мамырға 18,3 трлн теңгеден асып, бір жылда 20,6% ұлғайды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 599 млрд теңге (бір жылдағы өсім - 22,8%). Бір жылдағы ең үлкен өсімді (45,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олардың көлемі шамамен 6 млрд теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 4 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 57,9 млрд теңгеден асты.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.05.2024 ж. - 517,6 млрд. теңге.

БЖЗҚ-дан төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 2024 жылдың 4 айында шамамен 285,5 млрд теңге болды. Бұл ретте осы көлемнің 41,7%, яғни 119 млрд теңгесі - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуға байланысты төлемдер шамамен 67,8 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 19,2 млрд теңгеге (39,5%) көп.

Сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 18,5 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 11,4 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1 млрд теңгеден астам, жерлеуге төлемдер - 3,3 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 64,3 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Атап кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуға байланысты) 33 858 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы - 945 752 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 090 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңге болған.


enpf.kz/kz

0
0
464

Осы тақырып бойынша