Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көшпенділер олимпиадасы ету ұсынылды

Бұл ұсынысты белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев айтып отыр.

undefined

Таяуда республикалық "Аманат" партиясының жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі "МИРАС" республикалық Кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Отырыста екі мәселе қаралды.

Біріншісі,осы күзде Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік КӨШПЕЛІЛЕР (көшпенділер - ред.) ОЙЫНДАРЫНА дайындалу және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысын талқылау еді. Кеңес төрағасы - Мәжіліс депутаты,айтулы айтыскер ақын Аманжол Әлтай Кеңесті ашып,ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевқа сөз берді. Вице-министр іс-жоспарлардың орындалуы бойынша кең көлемде баяндама жасады. ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы президентінің орынбасары Тастанбек Есентаев өз сөзінде баяндаманы толықтырып,келетін қонақтардың орналасу мәселесі мен Ойындардың Бағдарламасына тоқталды. Мұнан соң Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжан, Дәулет Тұрлыхановтар, Астана қаласы спорт басқармасының өкілдері сөйлеп, мәселені толықтыра түсті.

Өзіме сөз бергенде, бұл Ойындардың бүгінгі таңда үлкен маңызға ие болып отырғанын, тіпті Бүкіләлемдік Олимпиадалық ойындардың болашақ тағдыры аумалы-төкпелі боп тұрған кезеңде (Олимпиада бағдарламасынан біресе күресті,біресе боксты алып тастау жайлы мәселелердің дүркін-дүркін көтерілуі,кейінгі жылдары дауысы жеткен әр елдің өтінішіне орай Бағдарламаға спорттық қасиеті төмен спорт түрлерінің көптеп еніп жатқаны,Олимпиаданың жыл өткен сайын аса терең саясилану қаупі,т сс. ) КӨШПЕЛІЛЕР ОЙЫНДАРЫН мұнан да кең көлемде дамытып,болашақта жойылып кету қаупі бар сол Олимпиаданың орнын басар К Ө Ш П Е Л І Л Е Р О Л И М П И А Д А С Ы дәрежесіне жеткізу жайлы ОЙ ТАСТАДЫМ! Өйткені бүгіннің өзінде 100-ге тарта мемлекеттен 3-4 мың спортшы келеді деп күтіп отырсақ,өзінің 3-мыңнан аса жылғы тарихында 10-12 мың ғана спортшы жинап жүрген Олимпиаданы басып озу әбден мүмкін дер едім бүгінде. Шын мәнінде,сонау бағзы заманда КӨШПЕЛІ болмаған ел жоқ шығар: өмір сүру, табиғат жағдайы кімді болса да бір орында отырғызбағаны белгілі. Яғни атқа міну де, садақ тарту да, асық ату да, күресу, белдесу секілді күш ойындарының бәрі бүкіл әлем халқына ортақ қазына деп бағалаймын өз басым. Олай болса, болашақ КӨШПЕЛІЛЕР ОЛИМПИАДАСЫНА бүкіл әлем халқы қатысқан болар еді!

Екінші мәселе бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің комитет басшысы Рүстем Әли баяндады. Шын мәнінде мәдениет және архив ісі саласының қызметкерлерінің жалақысын екі есеге ғана емес, одан да жоғары деңгейге көтерсе жөн болар еді. Бұл сала - елдің, жұрттың, Ұлттың бет-бейнесін айқындап отыратын маңызды сала екеніне ешкім дау айта алмайды.

Алыста отырып та қатыса беретін бұл Кеңес жұмысына республикамыздың бар өңірінің өкілдері қатысып, өз пікірлерімен қаралған мәселелерді толықтырып отырды.

Несіп Жүнісбаевтың жазбасы

Айта кетейік, биыл Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

0
0
271

Осы тақырып бойынша