Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан кигізді

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген атақты испаниялық опера әншісі Пласидо Домингоға шапан сыйлады.

"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем.Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін,жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс.Бүгінгі күн - ертеңгі тарих", - деп жазды Димаш әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында Жорж Бизенің «Искатели жемчуга» операсынан дуэт шырқаған болатын.

0
0
326

Осы тақырып бойынша