Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Динара Сәтжан Тина Канделакидің орыс тіліне "қысым" туралы жазбасына жауап қайтарды

Екі елдің тележұлдыздары сөзбен тіресіп қалды. Біздіңше, біздің қыздың айтып отырғаны жөн.

Ал ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің өзінікін дұрыс санайтыны хақ. Оған Қазақстандағы темір жол станцияларының атаулары өзгерейін деп жатқаны ұнамай қалыпты.

"Республиканың көлік министрлігі бірнеше т/ж станциялардың атауын ауыстырғысы келіпті. Мысалы, "Уральскіні" "Орал" деп, "Узеньді" "Жаңаөзен" деп өзгертуді ұсынған. Балтық елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, бұл - өте қауіпті үрдіс. Онда да бәрі осылай ұсақ нәрселерден басталып алап жағдайға ұласып кетті: орыс мектептерін жапты, советтік ескерткіштерді құртты, орыс тіліне тыйым салып, ақырында зейнеткерлерді аязға қуып шықты", - деп жазған Канделаки.

Бұған қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде жақсылап жауап берді.

"Қымбатты, @tina_kandelaki! Біріншіден, біз егемен мемлекетпіз. Орыстың жақсы бір сөзі бар: "Бөтен монастырьға өз жарғыңды тықпалама". Сондықтан қандай ТЖ станцияға қандай атау қоятынымызды өзіміз шешейікші. Екіншіден, Қазақстан совет өкіметі кезінде айырылған ана тілін жәйлап қайтарып жатыр. Үшіншіден, біздің елде орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен қатар қолданылады, ал қазақ тілі мемлекеттік тіл. Бұл Конституцияның 7-бабында бекітілген. ЖД станциялардың аты сіз айтқандай ауыстырылып жатқан жоқ. Бұл - олардың қазақша дұрыс атаулары. Орыс тіліне қысым деген не сөз? Біз елде тек мемлекеттік тілде ғана емес, орысша және ағылшынша сөйлейміз. Біздің мықтылығымыз сонда!", - дейді Динара Сәтжан.

0
0
288

Осы тақырып бойынша

Динара Сәтжан Тина Канделакидің орыс тіліне "қысым" туралы жазбасына жауап қайтарды - Yvision.kz