Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Діндарлар әйел адамның дін істері басқармасын басқаруына қарсы

Әйелдерге исламда орын бар ма?
undefined
Молдалар мемлекет ісіне араласты...
Мынау шенеунік әйелдің суреті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) жұмыс істейтін молдалар чатында қызу талқыға түсті. Дүмше молдалардың жаман ойынша, Дін істері комитетінің басшылары да еркек болуы тиіс екен. Еркек болғанда да - «Беті Құран көрген, бұты құман көрген» еркек!..
Ау, молдафандар, өздеріңе көп алып жатқан жоқсыңдар ма!? Дін істер комитеті - Аида Балаева басқаратын Мәдениет және Ақпарат министрлігіне қарайтын мемлекеттік орган. Бұл орган сендердің мүфтиятыңның, сендердің бас мүфтиіңнің меншігі емес. Сендердің Бас мүфти сайлағандарыңа мемлекеттік шенеуніктер араласып жатқан жоқ қой. ҚМДБ Жарғысына сай болмаса да, Құранды қате оқитын, арабшасы нашар адамды Бас мүфти қылып алдыңдар. Ақорда жақтан «мынау бас мүфти жарғы талабына сәйкес емес» деп бір ауыз сын сөз айтты ма? Айтқан жоқ! Сол сияқты зайырлы мемлекет те өзіне қарасты министрліктер мен комитеттерге басшы етіп кімді тағайындайтынын өзі шешеді! Осыны неге түсінбейсіңдер, а?!.
Молдафандар, мүмкін мынандай өшпенді әрекетпен сендер келешекте президент Қ.Тоқаевтан Аида Балаеваны қызметінен алып тастап, оның орнына намазхан еркекті тайғайындауды талап ететін шығарсыңдар?!. Зайырлы мемлекетті – Қазақстан Республикасын әбден басындыңдар ғой, өңкей дінкештер түге...
P.S.ҚМДБ мұсылман әйелдердің де құқығын аяқасты етіп отырғанын алдағы поста жазам.

Ораз Әлімбековтің жазбасы.

0
0
222

Осы тақырып бойынша