Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Дронды заңсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұл көлемі қандай?

Өткен жылы 35 адам дронды заңсыз ұшырғаны үшін жазаланған.

Фото: kazakh-zerno.net

Елімізде бұл құралды пайдалану ережесі 2021 жылы қатайтылған болатын. Оған дейін тұрғындар дронды еркін қолдана беретін. Қазір оны ұшыру «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидалары» бойынша қадағаланып отырады.

Дрон иесі ең алдымен оны тіркеуге қоюы керек.

Қазақстан Авиация әкімшілігінің мәліметі бойынша, әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК (36 920 теңге), лауазымды тұлғаларға 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал тіркеуге қойылмаған ұшыру аппаратын қолданғаны үшін жеке және лауазымды тұлғаларға 40 АЕК (146 680 теңге), заңды тұлғаларға 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, бір жыл ішінде екінші рет ереже бұзсаңыз, дроныңыздан айырыласыз.

Жалпы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын» толық мына жерден қарай аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000022031

Tengrinews.kz

0
0
244

Осы тақырып бойынша