Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

«Екпе салынбаған жеткіншектер «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатыса алмайды» деген сөз рас па?

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Екпе салынбаған жеткіншектер «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатыса алмайды» деген ақпарат тарап жатыр.

Фото: afk.kz

Stopfake.kz осы ақпаратты тексеріп көріпті. Ондағылар бұл әңгіменің "Информационное агентство сатирических новостей Qaznews24" атты Instagram-аккаунттан тарағанын анықтаған. Ал бұл аккаунтта тек ойдан шығарылған ақпараттар ғана жарияланады.

Әрі оның шекесіне «Адам аттары мен оқиғалардың бәрі ойдан шығарылған. Шын өмірдегі қандай да бір тірі немесе өлі адамдармен сәйкестік болып жатса, ол тек кездейсоқтық» деп жазылған. Яғни ондағы «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатысты «жаңалық» жалған болып тұр.

0
0
220

Осы тақырып бойынша

«Екпе салынбаған жеткіншектер «Ұлттық қор - балаларға» жобасына қатыса алмайды» деген сөз рас па? - Yvision.kz