Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елде су тасқыны жағдайы әлі де қиын: бірнеше аймақта қауіп сейілген жоқ

undefined

Петропавл қаласында тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болуы мүмкін.
Бұл туралы облыстық жедел штаб басшысы хабарлады. Оның айтуынша, түнгі 00:00-ден кейін Бескөл ауылы маңындағы су төмендей бастауы мүмкін. Бірақ, ол су қаладан өткенімен, облыс аумағындағы басқа ауылдарға бара жатыр.
Қазір облыс аумағындағы 60-қа жуық жолды су басқан. Соның 4-еуі республикалық жол. Жүк көліктері кезекпен өткізіліп жатыр.


БҚО-да 84 елді мекен суға кетуі мүмкін.

Өңірдегі арнайы штабтың мәліметінше, топан су 5 күнде Оралға жетеді.
Жоспар бойынша өңірде 70 шақырымдық бөгет тұрғызылуы керек, бүгінге дейін оның 60 шақырымы салынып бітті.
Бүгінге дейін 13 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Жалпы 1300-ге жуық үйге су кірген. 2500-ге жуық мал қырылып, 38 тасжолды су шайған.


Атырау облысындағы барлық күш облыс орталығын тасқын судан сақтап қалуға жұмылдырылып жатыр.
Аймаққа арнайы барған Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов жаға бекіту барысымен танысты. Қазір Жайық өзенінің жағалауы 107 учаскеге бөлініп, бөгеттер тұрғызылып жатыр.
Тасқыннан қорғануға 800-дей техника мен 3,5 мыңдай адам тартылған.

0
0
252

Осы тақырып бойынша