Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде алты облыстағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді

"Қазавтожол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқынына қатысы соңғы ақпаратты жеткізді.

2024 жылдың 9 сәуіріндегі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3730 метр болатын су тасқыны орын алды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, СҚО) республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолдарында (ұзындығы 731 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 475 бірлік техника мен 548 адам жұмылдырылған.


https://t.me/qazavtojol

0
0
216

Осы тақырып бойынша

Елімізде алты облыстағы тас жолдарда көлік қозғалысы... - Yvision.kz