Елімізде әлеуметтік желіде діни уағыз айтуға тыйым салына ма?
Бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов жауап берді.

Сенат отырысынан кейінгі брифингте вице-министрге "Қазақстанда Өзбекстандағыдай әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізуге тыйым салына ма?" деген сұрақ қойылды.
"Көршіміздің бұл тәжірибесін білеміз. Менің ойымша, әлеуметтік желілер де - үммет және азаматтармен байланыс орнатудың бір құралы. Сондықтан біз әзірше басқа нұсқаны қарастырып жатырмыз. Бірақ әлеуметтік желіде уағыз жүргізуге тыйым салу мәселесі қарастырылып отырған жоқ", - деді Ысқақов.
