Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде әрбір бесінші адам құмар ойын ойнайды немесе соған қатысы бар – депутат

400 мыңдай адам ойынға салынып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.

Фото: rehabcenterindore.com-

«Ойын бизнесі туралы» заң жобасының Мәжілістегі таныстырылуы кезінде Бейсенбаев қазір Қазақстанда ойынқұмарлықтың індеттей өршіп, ел қауіпсіздігіне қатер төндіре бастағанына тоқталды. Мұның басты себебі — құмар ойындарының жұртшылыққа оңай қолжетімді болуы және оны ұйымдастырушылардың интернеттегі сайттарының кеңінен таралуы. Ойын бизнесінің өкілдері соның арқасында майшелпекке молынан батып отыр.

«Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен. Қазір құмар ойындары жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, алдыңғы орынға шыққан. Сондықтан осынау заң жобасы өте өзекті әрі қоғам үшін маңызды екені анық», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Сондай-ақ ол ажырасулардың 40 пайызына лудомания тікелей себеп екенін айтты.

0
0
174

Осы тақырып бойынша

Елімізде әрбір бесінші адам құмар ойын ойнайды немесе... - Yvision.kz