Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде шегірткеге қарсы күреске 2,5 мыңнан астам адам жұмылдырылған

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті шаруаларға шегірткеге қарсы дәрі себілетін аумақтарды анықтау және өңдеу мәселелері Премьер-министрдің ерекше бақылауында екенін жеткізді.

undefined

Сондай-ақ министр АШМ шегірткелердің егістік жерлерді басып қалуын болдырмау және ауыл шаруашылығы құрылымдарына залалын тигізбеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Шегірткеге қарсы осындай шаруаларды атқаруға ел бойынша 2,5 мыңнан астам маман, 427 арнайы техника: 289 жер үсті желдеткіш пен штангалы бүріккіш, 56 аэрозольді газ генераторы, 36 аса жеңіл әуе техникасы, 36 ұшақ жұмылдырылған.

undefined

https://t.me/KZgovernment

0
0
546

Осы тақырып бойынша