Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде Tik Tok бұғаттала ма?

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қазақстанда Tik Tok бұғаттала ма?" деген сұраққа жауап берді.

undefined

Фото: SHUTTERSTOCK

Министр Tik Tok-тың бүгінгі беталысы сондай шара қабылдауды қажет етуі мүмкін екенін айтты.

"Біз көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік желідегі материалдарда құқық бұзу фактілері өте көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Оның бәрі ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал етсе, әлбетте, осындай шараларды қабылдауға тура келеді. Бұл шешілген дүние емес. Әлі қарастырылып, одан кейін жалпы талқылауға шығарылатын мәселе", - деді Аида Балаева.

Сондай-ақ министр осы әлеуметтік желіде есірткі, порнографиялық материалдар таратылатынын, онда ересектер мен балаларға буллинг, экстремистік, әсіре діни сипаттардағы түрлі материалдар бар екенін алға тартты.

Айта кетейік, жақында Қырғызстанда Цифрлық даму министрлігі Tik Tok-қа кіруге шектеу қойды.

0
0
448

Осы тақырып бойынша

Елімізде Tik Tok бұғаттала ма? - Yvision.kz