Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде үйге тіркелетін адам санына келесі жылы шектеу қойылуы мүмкін

Заңдарға осыны қарастыратын түзетулер енгізілсе, пәтеріңізге мыңдаған тұрғынды тіркеп қойып отыра алмайсыз.

Фото: info.homsters.kz

«Көңіл сыйса, бәрі сыяды» дейтін қазақпыз ғой, Астанада тар пәтеріне мыңға жуық адамды «сыйдырып» жіберген «көңілі кең» кісінің сотталғаны туралы жақында жаздық. Мұндай мысалдар бұған дейін де одан да көп көлемде талай болды. Бірақ осы жолы ұсталған азамат 35,7 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтеріне 937 жанды енгізе салған «ақпейілділігі» үшін істі болған жоқ еді. Оған «заңсыз көші-қонды ұйымдастырды» деген айып тағылды.

Ал үйіңе адам тіркеуге осы уақытқа дейін құқық жағынан шектеу болған емес. Мұндай шектеу Алматы мен Астанада ғана бар екен. Тек оның өзі мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген және мемлекеттік немесе аймақтық тұрғын үй бағдарламалары бойынша алынған баспаналарға ғана қатысты.

Билік енді осы олқылықтың орнын жақсылап толтыруға кірісіп жатыр.

Заң актілеріне осыған қатысты түзетулер мен толықтырулар енгізу жайы Үкіметте алдағы күзде қаралмақ. Одан кейін дайын болған құжатты Парламент депутаттары талқылайтыны мәлім.

0
0
520

Осы тақырып бойынша

Елімізде үйге тіркелетін адам санына келесі жылы шектеу қойылуы мүмкін - Yvision.kz