Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Елімізде жаңа жыл түнінде 200-ге жуық нәресте дүниеге келді

Жаңа жылды әркім әртүрлі қарсы алып жатады. Жаңа жыл әркімге әртүрлі қуаныш сыйлайды. Ал мұндайда сәбилі болған тіпті керемет.

Сонымен, Қазақстанда жаңа жыл түнінде 191 бала дүние есігін ашыпты. Олардың 101-і ұл, 90-ы қыз екен.

Әйелдер ең көп босанған өңір – Түркістан облысы. Онда 38 нәресте дүниеге келді. Бала туудан екінші орын осы қасиетті өңірден алыс кетпеген. Шымкент қаласында 23 бала туылды. Ал үшінші орындағы Алматыда 22 сәби дүние есігін ашқан.

Енді Астананы ерекшелеп айтар болсақ, онда 10 бала дүниеге келді.

0
0
223

Осы тақырып бойынша