Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Еліміздің 21 жоғары оқу орны әлемнің үздік университеттерінің жаңа рейтингінде көрсетілді

2024 жылғы 5 маусымда QS Quacquarell Symonds жоғары білім саласындағы халықаралық талдау агенттігі 2025 жылғы әлемдегі үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымы – QS World University Rankings 2025-ті жариялады.
undefined

Фото: isttravel.ru 

Рейтингтен Қазақстанның 21 жоғары оқу орны көрінді. Оның бесеуі өз позицияларын жақсартып, төртеуі сақтап қалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақстандық ЖОО арасында көшбасшы болып қала отырып, әлемнің үздік 200 жоғары оқу орны қатарына қайта оралды.
Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 163-ші орынға ие болды. Бұл оның өткен жылғы нәтижеден 67 позицияға көтерілгенін көрсетеді.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (355-орыннан 321-орынға) және Қ. Сәтбаев Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің көрсеткіштері жақсарды (481-орыннан 405-орынға). Жақсартулар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде де байқалады (671-орыннан 680-орынға).

0
0
578

Осы тақырып бойынша