Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Грекияда аралдағы орманды өртеп жіберген туристерге қатысты жағдайға СІМ түсініктеме берді

Осыған дейін Грекия жағалауындағы яхтада отшашу атамын деп Идра аралындағы орманды өртеп жіберген қазақстандық саяхатшылар туралы ақпарат тараған еді.

undefinedФото: BILD 


Бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осыған қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Қазақстанның консулы Грекияның билік орындарына бірден хабарласқан.

«Полиция ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады. Және оларға ешқандай кінәрат тағылмаған», – дейді Смадияров.

Ал болған жағдайға гректердің заңы бойынша кеменің экипаж мүшелері жауап беруге тиіс.

Айта кетейік, әлгі яхтада 17 қазақстандық турист болған.  

0
0
348

Осы тақырып бойынша