Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

ШЫҰ қандай ұйым?

Астанада 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетінін бұрынырақ хабарлағанбыз.

Фото: ria.ru мұрағатынан

 

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин осы жиынның қарсаңында мақала жазды. Ол «ҚазАқпаратқа» жарияланған.

Қытай басшысы Қазақстан тарапы бүгінге дейін аталған ұйымға төраға кезінде жемісті жұмыс атқарып, ШЫҰ-ның беделін арттыруға мол үлес қосқанын атап өтті.

«Қытай тарапы бұны жоғары бағалайды. Астана саммитінің күш біріктіру арқылы жемісті өтетініне, ШЫҰ-ны нығайта түсіп, ынтымақтастың жаңа белесін ашатынына сенімдімін», – деді Си Цзиньпин.  

Айта кетейік, осы саммиттен кейін ШЫҰ-ға ротациялық тәртіппен Қытай төраға (2024–2025 жылдары) болады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихына келсек, оның құрылғанына биыл 28 жыл болып жатыр. 1996 ол «Шанхай бестігі» болып жұмысын бастаған. Өйткені о баста құрамында бес мемлекет болды. Олар – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай және Ресей. Ал 2001 жылғы маусым айында оларға Өзбекстан қосылып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) деген атқа ие болды.  

Ұйымның «бестік» кезінде, яғни 1996-1997 жылдары бес мемлекеттің басшылары Шанхай және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту келісімі мен шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту келісіміне қол қойды. Осыдан кейін саммиттер бес елдің аумағында кезегімен ұйымдастырылды. Ұйым толық қалыптасып, кездесулер тақырыбы да кеңейе түсті. Сөйтіп, талқыланатын мәселелер саясат, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді.

2001 жылы маусым айында «Шанхай бестігінің» бес жылдығына орай оған мүше мемлекеттердің басшылары Шанхайда бас қосты. Сол кездесуде Өзбекстан президенті де болды. Аталған ел ұйымның құрамына сонда енген.

ШЫҰ құрамы бұдан кейін де кеңейе түсіп, онда қозғалатын тақырыптардың да маңызы артумен болды. Қазір оған тоғыз ел мүше болып отыр. Олар – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран және Ресей.

0
0
507

Осы тақырып бойынша