Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

ІІМ алаяқтардың жиі қолданатын сөздерін атады

Ішкі істер министрлігіндегілер алаяқтар жиі қолданатын 6 сөзді атап, олардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керектігін айтты.

Сонымен, біреу телефон шалғанда мына сөздерді естісеңіз, телефоныңызды тастай салғаныңыз жөн:

- сіздің ақшаңызды алып қойғалы жатыр, күдікті операция тіркелді;

- SMS-тегі кодты айтып жіберіңіз;

- тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, алаяқтарды ұстауға көмектесіңіз, бұл туралы ешкімге айтпаңыз;

- несиеге өтініш толтырылды;

- ақшаны арнаулы және қауіпсіз шотқа аудару керек;

- банк картаңыздың / SIM-картаңыздың қолдану мерзімі біткелі жатыр.

Ал жалпы, алаяқтардың айласына түсіп қалмау үшін не істеу керек: - күмәнді адамдардың телефон арқылы жасаған нұсқауын орындамаңыз; - жеке деректерді, банк карталарының CVV-кодтары мен реквизиттерін бөтен адамдарға бермеңіз; - күдікті сілтемелерге өтпеңіз; - қосымшаларды орнату үшін тек ресми қолданбаларды пайдаланыңыз; - шотыңыздағы ақша айналымын жиі тексеріп отырыңыз.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
238

Осы тақырып бойынша

ІІМ алаяқтардың жиі қолданатын сөздерін атады - Yvision.kz