Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

ІІМ Садықовқа қастандық жасады деген күдікке ілінгендердің біріне қатысты түсініктеме берді

Украинада қастандық жасалған журналист Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садықова қаскөйлердің табылғанын хабарлады.

undefined

"Олар Қазақстан азаматтары екен: 9.05.1991 ж.т. Мейрам Қаратаев пен 8.02.1988 ж.т. Алтай Жақанбаев. Бұл оңбағандар тапсырыс алып, 2 маусымда Киевке келген. Жалдамалы пәтерде тұрып, Айдосты аңдып, қылмыс жасауды ойластырған. Мейрам Қаратаев (фотосуреттегі - ред.) - Қостанай облысы ІІД (ПД - ред.) қызметкері. Ол қызметкерлер арасындағы қару атудан жарыста алдыңғы орындарды иеленген", - деп жазыпты Садықова.

Еліміздің Іішкі істер министрлігі осы ақпаратқа байланысты хабарлама таратты.

"Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтар айында ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз.
Қазір біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізудеміз.
Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі", - делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, Айдос Садықовты 18 маусымда Киевте өз үйінің жанында атып кеткен еді. Оған ота жасалған. Жағдайы әлі өте ауыр.

Ал 19 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ресми органдары бұл оқиға бойынша тергеу ісіне қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

0
0
772

Осы тақырып бойынша