Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Иттің көз жасы

undefined

Мектеп бітіргелі Алматыда тұрам десем де болады.

Ауылда көп тұрақтағам жоқ. Бірақ анда-санда болса да барып тұратынмын. Әлі де барам ғой.

Шамамен 1994-1997 жылдары ауылға бардым. Қай жылы екені нақты есімде жоқ.

Ауылда қиын жағдай. Айлық жоқ. Свет жоқ.

Сол кездері ит жейтіндер болған, өтірік емес.

Бір күні көршім келіп: "ит сойғалы жатыр, барып көретін болсаң, жүр!" - деді.

Маған да қызық еді. "Көрсек, көрейік" деп ит сойғалы жатқан үйге келдік.

Аула ішінде 5-6 адам темекі шегіп әңгімелесіп тұр. Ит соятын адамды күтіп тұр екен.

Төр жақта шынжырға байланып бір дәу ит арсалаңдап жұлқынып үріп жатыр. Шынжырынан босап кетсе бәрімізді жайпап кететін түрі бар.

Бір кезде үлкен кенеп қапқа орап алған пышағы бар "қасапшы" кіріп келді. Кенеп қаптың бүктеуін жазып пышағын алып жатыр.

Енді ана жұлқынып абалап тұрған итті көрсең ғой.

Тым-тырыс бола қалды.

Басын төмен салбыратып, үнсіз тұрып екі көзінен жас ағып жылағанын көрсеңіз.

Иттер ит соятын қасапшыны иісінен танып қояды екен.

Жаңа ғана арсалаңдап тұрған дәу иттің моп-момақан боп жылағанын көріп аяп кеттім.

Әрі қарай ештеңе де көрместен кетіп қалдым.


Нұрлыбек Қуаңбаевтың жазбасы

0
0
457

Осы тақырып бойынша

Иттің көз жасы - Yvision.kz