Көлік жылдамдығын өте қатты асырғандарға жаза күшейтілетін болды
Елімізде белгіленген жылдамдықты 60 км/сағ және одан жоғары шамада асырғандарға енді айыппұл көлемі көбейтіледі.

Бұл норма бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған «Жол жүрісі туралы» заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған.
Онда көлік құралдарының жылдамдығын рұқсат етілген жылдамдықтан 60 км/сағ және одан жоғары шамада асырғаны үшін 40 АЕК (қазіргі есеппен 147 680 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін неғұрлым қатаң жауаптылық енгізу ұсынылған.
