Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Кәсіпкерлерден бастап студенттерге дейін бопсалаған ірі қылмыстық топ құрықталды

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

undefined

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша,.жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталған. Жәбірленушілер - “Қармет” АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері.

Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.

"Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, – дейді Шыңғыс Әлекешев.
Polisia.kz

0
0
280

Осы тақырып бойынша