Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Күзетшіні көлігімен бірнеше рет соғып, сосын тепкілеп тастаған (видео)

Оқиға Алматыдағы «Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінде осы түнде болған.

undefined 

Күзетші ауруханада көз жұмды.

Әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасына түсіп қалған және тұрғындар түсірген екі видео тарады.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода күзетшінің сырттан келген тұрғынды көлігімен кіргізбей, шлагбаумды жауып тастағаны байқалады. Содан кейін көлік жүргізушісі оны бірінші рет соғады. Тіпті дуалға жаншып тастайды.  

Полиция да екеуінің арасында жанжал туған болуы мүмкін деп отыр.

Ал тұрғындар түсірген видеода әлгі ер адам ауыр жараланған күзетшіні одан сайын тепкілеп, тоқпақтап жатыр. Ол тіпті көршілердің айғайына да қарар емес. Бір уақытта ер адам көлігіне мініп, кетіп қалады.  

Күзетші жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның артында үш баласы қалған.

45 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау қапасына қамалды. Қылмыстық іс қозғалған.   

0
0
181

Осы тақырып бойынша

Күзетшіні көлігімен бірнеше рет соғып, сосын тепкілеп... - Yvision.kz