Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Қарақұртты қалай танимыз және ол шағып алған жағдайда не істеу керек?

Шымкент тұрғындарының осы улы жәндіктен зардап шегуі көбейіп жатыр. Биыл қаладағы гипербариялық оксигенация орталығына қарақұрт шаққан 20 адам қаралыпты.

Фото: moba.kz

Otyrar телеарнасының хабарлауынша, улы өрмекшілер былтырғы бүкіл ояну маусымында 17 адамды шаққан. Ал осы жылғы маусымның әлі жалғасып жатқанын ескерсек, бұл жәндіктің уына іліккендердің саны әлі көбеюі мүмкін.

Сондықтан біз осы жәндікке қатысты біршама мәліметті оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Қалай танимыз?

Аты айтып тұрғандай түсі қара болады. Іш жағында қызыл дақтар кездеседі. Кейбірінде солардың әрқайсының сыртында ақ жиек тұрады. Жыныстық жағынан толық жетілгендері кейде мүлдем дақсыз болып келеді. Тек іш жағы жылтырақ түске енеді.

Қай кездерде қауіпті?

Қарақұрттың уы шілде мен тамызда қауіпті. Жастары мен іш жағында ақпен қоршалған қызыл дақтары барлары аса ондай емес көрінеді. Ал қыркүйекте олар өле бастайды. Қазанның аяғында қырылып бітіп, қыстауға тек балалары қалады.

Қалай қорғанамыз?

Табиғат аясына шыққанда, қарақұрт шағып алмау үшін жабық аяқ киім киіп алған дұрыс. Далада, әсіресе, шалғынды жерлер мен құрылыс маңына ұйықтамаған жөн. Ал табиғатқа шығып демалғанда, шатырдың жан-жағын құрт-құмырсқа өтпейтіндей етіп қатты қымтау қажет.

Шағып алса не істеу керек?

Шағып алғанан кейін 2-3 минуттан кешіктірмей орнын сіріңке жағып күйдірген жөн. Өйткені қарақұрттың уы қыздырған кезде тез ыдырайды. Әрине, бұны аса сақтықпен жасау қажет. Бірақ ол жерді пышақпен кесуге және жіппен қысуға болмайды. Сайып келгенде, ең абзалы – тез арада дәрігерге қаралу ғой.

Шаққанда не болады?

Қарақұрттың шаққаны ә дегенде білінбейді. Тек сәл уақыттан кейін у ендірген жері ауыра бастайды. Сосын барып мынадай жағдайларға әкеледі: бас айналуы, бұлшық еттің ауыруы, демігу, тершеңдік және қызудың көтерілуі. Сондай-ақ жүректің бірқалыпты соқпауы мен өлімге деген үрей байқалады. Тыныс алу бұлшық еттері семіп қалып, адам ауа жатпей өліп кетуі де мүмкін.

0
0
745

Осы тақырып бойынша