Ленин шахтасында болған апатқа қатысты сот үкімі шықты
Қарағанды облысында Ленин атындағы шахтада болған апатқа қатысты сот үкімі шықты.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы метан газы тарап, 5 кенші қаза тауып, төртеуі жарақат алған еді.
Сотта қауіпсіздік ережелерінің бұзылғаны және жауаптылардың метан мөлшерінің артық екенін біле тұра, кеншілерді шахтаға жібергені дәлелденді. Кәсіпорын басшыларының үшеуі 4 жылға, біреуі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
@qazaqstantv
