Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Әлеуметтік желіде ер адамның әйелін сабап жатқан видеосы тарады

Инстаграмдағы ne_habar_news парақшасында осындай видео тарады. Онда күйеуі әйелін боқтап тұрып сабап жатыр. Ал әйел жерге жатып алған. Оның жанында сырт киімімен сәби жатқан сияқты.

Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал сол балаға байланысты болса керек, әйтеуір, мынадай сөздер естіледі:

- Өлтіре алмай жүрсің бе, шшшс?! Неге айтпайсың маған баланы алып бара жатырмын деп?

- Енді айттым ғой мен саған.

- Шешең а..с....н!

- Неге боқтайсың?!

Осыдан кейін ер адам тағы боқтап, ұрып тастайды. Ал әйел жан дауысы шығып, бүк түсіп жатады.

- Тіліңді кесіп аламын, епт...!

Содан бер жағында видеоға түсіріп тұрған әйел "Ержан (әлде Ердан), не үшін тебесің?" дегеннен кейін бейнежазба үзіледі.

Ал бұл видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Біреулері "әйел тілінен тапты" десе, енді біреулері қалай болғанда да нәзік жандарды ұрмау керектігін айтуда.

Айта кетейік, бүгін әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатайтатын заңдарға Президент қол қойды.


0
0
235

Осы тақырып бойынша