Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды қолдайтын петицияға 50 мың қол жиналды

Бұл петицияға қажетті қол саны тез жиналды. Оны ғаламторға қоғам белсендісі, Қазақстан ата-аналар одағының төрайымы Бағила Балтабаева биыл 29 мамырда жариялаған еді.

undefined

Ал қажетті 50 мың қол кеше жиналып бітті. Бұл туралы петиция авторы өзінің инстаграмдағы парақшасында хабарлады.    
«50 000 қол жиналды! Баршаңызға Алла разы болсын! Ұрпағымыздың болашағы үшін қосқан әрбір үлестеріңіз үшін екі дүниеде де жақсылығын берсін!
Алла адастырмай, азғындыққа жол бермей, өзіміздің ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ұстай білсек, ҰЛТ ретінде де, МЕМЛЕКЕТ ретінде де ешкім бізді, іштен де, сырттан да ыдырата алмайды!» – деп жазды Бағила Балтабаева.

Енді бұл петиция Мәдениет және ақпарат министрлігінде қаралуы тиіс.

0
0
342

Осы тақырып бойынша

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды қолдайтын петицияға... - Yvision.kz