Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Құлсарыда тасқын суға батып өлген жігіт үйлену тойына дайындалып жүрген

Бүгін Атырау облысындағы Құлсары қаласында әкелі-балалы марқұмдар Болатбек Нұржауұлы мен Асылжан Нұржау жер қойнына тапсырылды.

undefined 

Ал кеше Асылжанның үйлену тойы өтуі керек болған. Бұл туралы белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды.

"Жүрегім ауырып, қабырғам қайысып отыр. Бір үйден 2 адам - әке мен бала… Отбасында 1 ұл, 1 қыз еді. Бір-ақ сәтте арыстай 2 адамынан айырылған шаңырақтың қайғысына ортақпын. Енді анасы мен Диана қызымыз екеуі қалды… Жәй ғана жауапсыздық пен іздеу-құтқару шараларына салғырттықтан 2 адам бақи дүниеге кетті. Шыр-пыр болып су басына келіп: "әкешім, Асылжаааан" деп жаңғыртқан қыздың үнін естіп, дабыл қосып едім. Ертеңіне күштік құрылымдар кірісіп іздеген болды. Алайда Алматыда отырып пост жазып, историс салмасаң іс баяулап қалады. Не қайық, рация, су
плащ, не комбинезон, қолшам, тағы басқа ең қажет заттың бәрі ТЖМ-да жоқ деп
жылаған әулетке көмек үшін осы заттардың бәрін Алматыдан арқалап келіп едім…
Өкінішке қарай, бүгін бұл құралдардың бәрі керек емес болып қалды. Кеш қалдық… Тура мен келгенде қос денені судан алып шықты. Ал, негізі, бүгін Асылхан үйленіп, дүркіретіп той жасап жатуы керек-тін. Алланың бұйрығына қарсы
шара бар ма?" - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Айта кетейік, тасқыннан қатты зардап шеккен елді мекендердің бірі - Құлсарыда кеше әкелі-балалы Болатбек Нұржауұлы (1976 жылы туған) мен Асылжан Нұржаудың (2000 жылы туған) өлі денелері табылған еді. Олар 6 сәуірде су басқан үйін қарап келуге кетіп, содан кері оралмаған.

Құтқарушылардың айтуынша, әкелі-балалылар үйлеріне қарай рұқсат беру құжатынсыз кетіп қалған.

0
0
620

Осы тақырып бойынша