Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Мұхтар Мағауин: «Рысқұлов – халқын сатқан адам. Ал Ленин данышпан болған»

Ғаламторда Түркияда тұрып жатқан белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Махауиннің көлемді бейнесұхбаты таралып жатыр. Онда журналист қайраткер қаламгерді түрлі тақырып бойынша әңгімеге тартқан.

Youtube-тегі «Халық үні» арнасында жарияланған бұл сұхбатта Мағауин бірталай белгілі тұлғаларға тиісе сөйлейді. Солардың арасында кеңес өкіметі орнағаннан кейін ел билеген бірқатар азаматтар да бар. Жазушы, әсіресе, Тұрар Рысқұловты оңдырмапты.

«Тұрар Рысқұлов – халқын сатқан адам. 18-ші жылы ашаршылықты бастаған Рысқұлов. Содан кейін барып Қазақ республикасын құру кезінде бөгет жасаған. Түркістан республикасын құрамыз деп. Мынау оңтүстік екі-үш облыс Түркістан республикасын құрамыз деп еді ғой басында. Сонда Бөкейханов бастап Ахаңдар, Жахаңдар – Алаштың барлық көсемдері әрең айырып алды ғой Түркістан республикасынан оңтүсток облыстарды. Ал кейін колхоздастыру жоспарында бұл РС... министрлер кеңесінің орынбасары болып отырып (Тұрар Рысқұловтың РСФСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болғанын айтып отырса керек – автор) графикті өзгерткен. Қазақстанда колхоздасу 35-ші жылға дейін деп айтылған. Соны 32-ші жыл деп жазған Рысқұлов. Содан кейін барып халық қырылды», – дейді Мағауин.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Алаш ардақтыларының ұсталып кетуіне де Рысқұлов себепкер болған көрінеді.

«Ленин өлгеннен кейін.. мен Ленинге өте жақсы қараймын... ол данышпан адам болған... көп нәрселерді басқаша түсінген. Ұлт мәселесіне оңды қараған. Лениннің өзінде қазақ қаны болған болуы керек. Қалмақ деп айтады. Ленин өлгеннен кейін, 21 январьда өлді ме, март немесе апрель айында Рысқұлов үлкен көлемді донос түсіреді. Мен донос деген сөзді қолданамын, алқаш деген сөзді қолданамын. Ол қазақта жоқ сөздер. Маскүнем деген болмаған. Домалақ арыз деген бос сөз. 38-ші жылы Совет одағында 4,5 миллион донос жазылыпты. Сол доносты түсірген Ленин өлгеннен кейін. «Қазақстанда ұлтшылдық бар. Бүкіл Алашорда көсемдерінің көзін құрту керек» деп Сталинге жазған», – дейді жазушы.

0
0
920

Осы тақырып бойынша