Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

Мүліктік табыс салығы

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (Әрі қарай Салық кодексі) 2 тармағы 19 бабына сәйкес Салық органдары салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар және бюджетке төленетін төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөніндегі мәселелерді түсіндіруге міндетті екенін басшылыққа ала отырып, Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мүліктік кіріс туралы келесіні хабарлайды.

2018 жылдан бастап күшіне енген Салық кодексі құрылымы жағынан толық өзгерген, яғни осыған дейін Салық кодексінің 180 бабымен реттелген мүліктік кіріс, жаңа кодекске сәйкес 330 бабқа өзгерді.

Салық кодексінің 330-бабына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне мыналар жатады:

1) жеке тұлға осы Кодекстің 331-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;

2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісі;

3) жеке тұлға осы Кодекстің 333-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;

4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кіріс;

5) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;

6) шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 334-бабында көрсетілген өзге активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс.

Бүгінгі таңда көп кездесетін жағдай жеке тұлғаның меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері өткізген кезде құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Аталған мүліктерді өткізу кезінде мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлік өткізілген жағдайларда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін мүліктің нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

Тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады.

Сонымен қатар, құн өсімінен түсетін кіріске 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады. Құн өсімін алған жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша есепті (240.00 нысан) тұрғылықты жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімі

0
0
2123

Осы тақырып бойынша