Парақорлықты жеңуге болады
Парақорлықты жеңуге боладыӘлем елдерінің тарихына үңілер болсақ жемқорлықпен күрестен шет қалған ешқайсысы жоқ. Барлығы да кеселмен күресте түрлі тәсілді пайдаланған. Әрқайсысының парақорлыққа қатысты қолданатын әдісі сан алуан.Айтарлық, әлем мойындаған Швецария, Сингапур, АКШ секілді елдер жемқорлықтың алдын алуға, түсіндіру жұмыстарының нәтижелі болуына терең мән берсе, Қытай кеселді жеңудің негізгі тәсілі ретінде заңын қатаңдатып, жемқорларды өлім жазасына кeсуді тәжірибеге енгізген.Жас мемлекет ретінде біздің де бұған дейінгі заңдарды жасағанда дамыған елдер тәжірибесіне сүйенгеніміз ақиқат. 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес» туралы заң сондай үлкен ізденістен туған құжаттың бірі болды. Алайда, заман талабы бұл заңның көп қажеттілікке жауап бере алмайтынын көрсет…