"Маймыл қайда?" Атырауда блогерді қамауға алу туралы шешім шықты (видео)
Атырау қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты блогер Рүстем Баязиевке қатысты істі қарады. Блогерге сотты сыйламады деген айып тағылған.

Баязиев басқа адамға қатысты сот отырысына қолдау көрсетуге келіп, сол жерде судьядан "Маймыл қайда? Маймылды көрмедіңіз бе?" деп сұрапты.
Содан судья Анар Айтжанова бұл сұрақты қорлау деп қабылдап, Баязиевтің өзін нысанаға алған. Осыған байланысты 12 қаңтарда сот приставы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 653-бабы 1-бөлігі (Сотқа құрметтемеушілік білдіру) бойынша блогерге әкімшілік хаттама толтырды. Сөйтіп, іс сотта қаралды.
"Сот қаулысымен блогер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 653-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды, оны жеке басын, жасаған әкімшілік құқық бұзушылық сипатын ескере отырып, бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шықты", - делінген сот хабарламасында.
Видео осы жерде.
