Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Мектеп есепшісі 90 млн теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Білім беру саласында ақша жымқыру доғарылар емес. Бір мектептен 90 млн теңгеден аса ақша ұрлау деген енді сұмдық! Қанша болса да ақша жымқыру деген жақсы емес, әрине. Десе де, біз мынадай көлемге таңғалып отырмыз.

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтады.

Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған.

Алдын ала келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасуда.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды.

Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн теңгеден астам шығынды өтеген.

0
0
167

Осы тақырып бойынша

Мектеп есепшісі 90 млн теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді - Yvision.kz