«Мен жәлеппін». Блогер әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады
Блогер әлеуметтік желіде өзін кінәлап жатқан жұртқа ызасын жеткізді.

«Ағайын, мен жәлеппін. Иә, мен жәлеппін. Кәріс азаматына тұрмысқа шыққаным үшін мен жәлеппін. Кәріс азаматы менен 20 жас үлкен, сол үшін мен жәлеппін. Кішкене көкірегім ашылып қалғаны үшін жәлеппін. Осы инстаграмнан блогер болып кішкене бірдеңе табайын дегенім үшін жәлеппін. Шет елде тұрғаным үшін жәлеппін. Түрім келіспей қалғаны үшін жәлеппін. Тісім қисық, өзімдікі емес. Ол үшін де жәлеппін. Көкірегімде екі баланы емізіп, кіндігіме дейін түсіп кеткен. Сол үшін де жәлеппін», – деді ол видеода.
Бейнежазбаны мына жерден көруге болады.
