Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Мопедшілер енді тіркеліп, жол ережесін автокөлік жүргізушісімен бірдей сақтайды

Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

undefined

Фото: kolesa.kz 

Негізгі заң жобасында көліктердің шағын электрлі және кейбір түрлерінің қозғалысын бақылау ұсынылады. Бұл мопедті пайдалану және онымен жолда жүру ережелерін реттеуге мүмкіндік береді.

Олардың жүргізушілері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген баптарға сәйкес толық жауапкершілікке тартылады.

Мопед айдау үшін азаматтар уәкілетті органда міндетті түрде тіркеуден өтіп, «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алады. Жыл сайынғы техникалық байқаудан өтеді. Сондай-ақ көлік құралдары жүргізушілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды рәсімдейді.

0
0
250

Осы тақырып бойынша