Нұрлан имам экс-шенеунік ісіне қатысты ойын айтты (видео)
Халыққа жағымды уағыздарымен жағып жүрген Нұрлан имам Байжігітұлы қазір әйелін өлтірді деген айыппен соты жүріп жатқан Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.
Оның осы тұрғыда сөйлеп тұрған видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.
"Әйел кінәлі болса да, қыз кінәлі болса да, оларға ешқашан қол көтермейді. Бұл - біздің қарындасымыз. Бұл - біздің болашақ жарымыз Бұл - біздің мемлекетіміздің ірі тұлғасы. Бұл - болашақ аналар. Сондықтан қызға ешкім қол көтермесін. Қол кермек түгілі, үстінен теуіп, төбесінен секіріп жатқан адам бұл адам ба? Адам емес ол. Оны еш нәрсе ақтамайды. Егер әйел адамың сөзі ұнамаса, шық та кетіп қал. Заң бар бізде. Ажырасып кет, білмеймін, сотқа бер", - дейді Нұрлан имам бейнежазбада.
