Ол Назарбаевтың бұйрығын орындауға мәжбүр болған сияқты – депутаттың Мәсімовке қатысты ойы
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Президенттен кешірім беруді сұраған ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің жағдайына қатысты ойын айтты.

Фото: t.me/mazhilis_kz
Депутаттың сөзінше, егер Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына қатысты бар шындықты айтса, оны кешіруге болады.
«Соның бәрін Мәсімов өзі ұйымдастырды деп ойламаймын. Ол қоғам, билік, сот құрылымдары алдында ашылып сөйлесін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасын тізбектей отырып, осының бәрінің авторы кім екенін айтып берсін. Ол сол кездегі Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығын орындауға мәжбүр болған сияқты. Сондықтан қоғам алдында ашылып сөйлесе, оған қайырыммен қарауға болады», – деді Ермұрат Бапи.
