Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен боксшыға берілетін сыйақы мөлшері айтылды

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды.
undefined
Бұл жәй ауызашардағы фото


Сондай-ақ, жақында Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, Ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар, жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

🔹1-орын: 220 000 $
🔹2-орын: 120 000 $
🔹3-орын: 70 000 $
🔹4-орын: 30 000 $
🔹5-орын: 10 000 $

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

0
0
343

Осы тақырып бойынша

Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен боксшыға берілетін... - Yvision.kz