Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Қостанайлық жасөспірім сүйіктісімен ұрсысып, Астанаға аттанған

"Қызымен ұрысып қалған". Қостанай облысында полицейлер жасөспірімді ата-анасына қайтарып берді.

10 наурызда 16 жасар қостанайлық ата-анасына досының үйіне түнеуге барғанын айтты. Кешкі сағат 10 шамасында ватсапп арқылы ол өзінің сүйіктісімен татуласу үшін Астанаға бара жатқанын жазған.
Алаңдаған ата-анасы бірден полицияға қоңырау шалды. Қостанай облысы ПД кезекшісі "Қостанай - Әулиекөл - Сұрған" автожолында мобильді пост қою туралы шешім қабылдады.
Октябрь ауылының жанында Әулиекөл ауданының патрульдік полицейлері Альфард автокөлігін тоқтатты. Оның салонында 16 жасар жігіт болды.

Полиция жасөспірімді ата-анасына аман-есен қайтарып берді.

0
0
207

Осы тақырып бойынша

Қостанайлық жасөспірім сүйіктісімен ұрсысып, Астанаға... - Yvision.kz