Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Президент жас шахматшы Қазыбек Нөгербекті әлем чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасындағы халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады.
undefined

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы


"Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алған еді.

Ол классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбектің FIDE-дегі рейтингі – 2501.

0
0
359

Осы тақырып бойынша

Президент жас шахматшы Қазыбек Нөгербекті әлем... - Yvision.kz