Рабат Жәнібеков қайтыс болды
Белгілі спорт комментаторы Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бұл туралы оның қызы, журналист Сәуле Жәнібекова әлеуметтік желіде хабарлады.
«Қош бол, папа...», - деп жазды ол.
Рабат Жәнібеков 1942 жылы 27 маусымда Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылында дүниеге келген.
1970-2000 жылдары ҚазТВ-да редактор, 2004 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығында баспасөз хатшысы болып істеді.
1968 жылдан 2003 жылға дейін қазақ телевизиясында қызмет етті. 1973 жылдан бастап спорт бөліміне ауысып, комментаторлықты бастаған. Алғаш жүргізген матчы – Футболдан КСРО Чемпионатындағы «Қайрат» — «Торпедо» (Мәскеу) кездесуі.
