Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Райымбек Баталов Бишімбаев ісі бойынша сотта келтірілген дерекке қатысты мәлімдеме жасады

Белгілі бизнесмен Райымбек Баталов әйелін өлтірді деген айыппен сотталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонындағы бір видеоға қатысты мәлімдеме жасады.

undefined

Баталов мәлімдемесін видеоға түсіріп, Instagram-дағы парақшасына салған. Онда кәсіпкер жұртты мұндай өсек-аяңға сенбеуге шақырады.

«Достар, соңғы уақытқа дейін Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдіргім келмеген еді. Бірақ атыма кір келтіретін небір лас әңгімелер мені осындай мәлімдеме жасауға мәжбүр етті. Сұмдық қылмыс жасады деп айыпталып отырған адамның аузынан шыққан маған қатысты сөздердің нағыз сандырақ екенін айтқым келеді. Бұл – барып тұрған жала. Сіздерді мұндай өтірікке сенбеуге, БАҚ өкілдері мен блогерлерді дәйексіз ақпаратты таратпауға шақырамын. Ал Салтанаттың әлгіндей қайғыға ұшыраған туыстары мен жақындарының қазір оның ар-намысын қорғауға тура келіп жатқаны өкінішті. Бұл – сұмдық жағдай. Мен Нүкеновтер отбасына шын жүрегіммен көңіл айтамын», – дейді Райымбек Баталов.

Айта кетейік, Бишімбаевтың ұялы телефоны сотта тексеріліп жатқанда одан экс-министрдің Нүкеновадан біреумен жаттым деп айтуды талап еткен және соны айтқызған видеосы табылғанын кеше хабарлағанбыз.

Осы тақырып бойынша