Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Ресейде қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейіп жатыр (видео)

Алайда қазақ тілі мұғалімдері тапшы болып тұр.

undefined

Ресей өңірлерінде қазақ тіліне деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. 40 мың қазақ тұратын Түмен облысының бірнеше ауданында ана тілін міндетті пән ретінде оқытатын мектептер бар. Бірақ қазақ тілінен сабақ беретін мамандар аз.

Түмен облысындағы мектептерде қазақ тілі үйірмелері де бар. Балаларының ана тілін білуін қалайтын ата-аналар да көбейген.

"Осыдан 5-10 жыл бұрынғымен қазіргі кезді салыстыратын болсақ, қазіргі кезде қатарымызға келіп жатқан жастар, 10-15 бала ғана болатын. Қазіргі кезде 100-ден аса баламыз бар. Олар биімізге, домбырамызға келіп дайындалады. Жастарымыздың көбі өзіміздің тілге патриот деуге болады", - дейді Түмен қаласының тұрғыны Асқар Үбітайұлы.

Аймақта қазақ тілін міндетті пән ретінде оқыту мүмкіндігі тек соңғы жылдары пайда болды. Оған оқулық жоқтығы қолбайлау болып келген. Алтай өлкесіндегі Қосағаш ауылының мұғалімдері арнайы оқулық шығарып, ағарту министрлігінде сертификаттаудан өткізді. Осылай қазақ тілін мектептерде ресми түрде оқыту мәселесі шешілген. Бірақ енді мұғалімдер тапшы болып тұр екен.

і: - Мұғалім мәселесі бар. Бұл жақта ертеден мектеп деген болмаған қазақ тілінде. Сондықтан таза қазақ тілін, әдебиет тілін білетін жан жоқ. Арамызда қазақ тілінен ұстаз болатын кісі аз. Ана жерден, мына жерден, Қазақстанға оқуға жіберіп, солар оқытып жатыр қазір. Әр ауданда мұғалімдеріміз бар. Бірақ бір-бірден ғана", - дейді Қазақ ұлттық мәдени автономиясының өкілі Хәлел Омаров.

Түмендегі қандастарымыз қиындықтарға қарамастан қазақ тілін оқыту ісін әрі қарай дамыта беруге ниетті. Бұл алдағы Ресей қазақтарының құрылтайында талқыланатын ең басты мәселелердің бірі болмақ.

24.kz

0
0
290

Осы тақырып бойынша

Ресейде қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбейіп жатыр... - Yvision.kz