Республикалық жолдың сиқы осы ма?
Ақтөбеде қар суы республикалық жолдан асып аққан.

Ақтөбеде Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз республикалық маңызы бар тасжолдың Ұлпан ауылы маңындағы 1 шақырым бөлігіне қар суы жайылды. Су жолдың бетімен өтті.
Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдан өткен су биіктігі 10-20 см жеткен. Жолдың жан-жағын бекіту үшін 700 құм толы қаптан қоршау жасалып, 200 тонна құм төселді.
"Оқиға орнына аудан әкімі Жанболат Жидеханов арнайы барды. Жағдай аудан басшының тікелей бақылауында. Бүгінгі күні ауданда жедел штаб өз жұмысын бастады. Байланыс нөмірлері: 8 (71335) 23-7-73 және 112. Қазіргі таңда аталған аумақта жағдай қалыпты. Автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Құзырлы мекемелер тарапынан жол бойында кезекшілік ұйымдастырылды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметі.
kaz.inform.kz
