Сұмдық-ай! Алматыда Қазақ бақсыларының құрылтайы өткізілгелі жатыр
Жақын күндері Алматыда Қазақ бақсыларының бірінші құрылтайы өткізілмек екен. Осыған байланысты "бұл ертең мұсылмандардың наразылығын тудырып жүрмей ме?" деген сұрақ туындап отыр.

"24 наурыз күні Алматыда таңнан кешке дейін Қазақ бақсыларының тұңғыш құрылтайы өтеді!
Бағдарламада:
- тәңіршілік рәсімдер;
- шетел және қазақтың бақсылары мен ғалымдарымен сұхбат;
- ұжымдық аластау мен бата беру.
Құрылтай есігі тек бақсыларға ғана емес, Қазақ Бақсылығы мен киелі Қасиетіне қызығушылығы бар әр азамат үшін ашық", - деп жазылған Фейсбуктегі "ТӘҢІРШІЛДІК (ҚАЗАҚШЫЛЫҚ) -ҚАЗАҚТАРДЫН ҰЛТТЫҚ: ИДЕОЛОГИЯСЫ МЕН ДІНІ" тобында.
Мұндай да болады екен, ә? Жалпы, мұны өткізуге биліктен кімдер рұқсат берді екен?
