Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Салтанат Нүкенованың ағасына қатысты іс қозғалды деген ақпарат тарады

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қылмыстық іс қозғалғанын растаған.

undefined

Qaz365kz Telegram-арнасының хабарлауынша, бұл істе фигурант ретінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің аты аталуда. Бірақ Ержан Сәденов дерек бойынша ғана тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.
“Іс жалған ақпарат фактісі бойынша қозғалды. Іс бар, бірақ нақты адамдарға қатысты емес. Біз дәлелдерді тексереміз”, - деді министр.
2 маусымда қазақстандық саясаткер, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Youtube арнасында Айтбек Амангелдіге қарсы іс қозғалғанын мәлімдеген еді. Алайда Амангелді өзі бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын көрмегенін айтты.

0
0
764

Осы тақырып бойынша

Салтанат Нүкенованың ағасына қатысты іс қозғалды деген... - Yvision.kz