Сенатор мектеп бағдарламасындағы пәндер санын қысқартуды ұсынды
Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы еліміздегі орта білім бағдарламасының тым ауыр екеніне алаңдаушылық білдірді.

Фото: el.kz
Бұл туралы ол өзінің депутаттық сауалында атап өтті. Сенатор онда біздің мектептердегі міндетті пәндердің саны Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердікінен 2,5 есе көп екенін алға тартқан.
"Білім сапасы жөнінен алдыңғы қатарда тұрған Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия және Канада сияқты елдерде 7-8-сыпынтарда нақты ғылыммен байланысты 4-6 пән оқытылады. Ал Қазақстанда бұл сыныптарда 15 пән, 9-сыныпта тіпті 16 пән оқытылып жатыр", - дейді Алтынбек Нұхұлы.
